Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылғы 12 қазандағы ҚР Білім және ғылым министрінің №564 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы 1 сәуірден Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебіне оқуға қабылдау басталады.

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Өтінішті egov. kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:

•Ата—аналардың өтініші /немесе оларды алмастыратын тұлғалар/;

•Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

•«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

•063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

•3×4 көлеміндегі 2 фото.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.