Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің ыстық тамақтың ұйымдастыруын зерделеу қорытындысы бойынша хабарлама
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі бойынша 17.11.2021 күні Қамқорлық кеңестін мүшелері болып мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру сапасына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу кезінде мектеп асханасының эстетикалық безендірілуі материалдардың техникалық жабдықталуы, ас мәзірінің дайындалуы сапалы тамақтануын бақылады. Бақылау барысында асхана қызметкерлерінің санитарлық талапқа сай жұмыс атқарып отырғандары анықталды. Ішетін тамақтың ет, балық, белокқа бай сүт ірімшік, көгіністер мен жемістердің сапасы, сақтау мерзімінің дұрыстығы анықталады. Күнделікті ас мәзірі тексеріліп 17.11.2021 күнге ас мәзірі мен дайындалған тамақпен сәйкес келді. Ыдыс аяқтар жеткілікті екеніне көз жеткізілді.

Аты Жүктеу
1  Мектептегі тегін ыстық тамаққа электрондық өтініш беру туралы

2020-2021 оқу жылы ыстық тамақтың ұйымдастырылуы


Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру

Ы. Алтынсарин жалпы орта мектебі бойынша мектебімізде ыстық тамақпен қамту мақсатында жұмыстар жүргізіліп келеді.  Бастауыш оқушыларын және әлеуметтік осал топ балаларын ыстық тамақпен қамту жақсы жолға қойылған.Ыстық тамақпен қамтылған барлық бала саны- 338.Оның 292-і бастауыш сынып оқушылары. Оқу жылының басында ата-аналар қоғамы мен мектеп әкімшілігі қатарынан бракераждық комиссия құрылды.  Мониторинг комиссиясы, бракераж комиссиясы айға 2 рет рейд жүргізіп акттар жасақталады.  Комиссия мүшелері дайын және шикі өнімнің сапасын бақылау үшін мониторинг жүргізді.Асханада санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын тексерді.  Асханадағы оқушылардың тамақтану ережелерінің және уақытылы тамақтануларының қатаң сақталуын жауапкершілікпен қадағалау мақсатында сынып жетекшілері мен мұғалімдердің кезекшілік кестесі құрылып, бекітілді. Кезекшілер оқушылардың уақытында тамаққа баруын қадағалап отырады.

 Медициналық  жұмыскер Н. Рахимгалиева мен тамақтандыруға жауапты тұлға оқушыларды тамақтандыру кестесін әзірлесіп,оқу жылы бойы  бекітілген апталық мәзір мен перспективалық мәзірін бақылады.  СанЕҚ талаптарына сәйкес бракераждық журналдары,денсаулық журналдары жүргізіліп отыр.

 «Тамақтану тәртібі, Таңғы ас қандай болу керек, Ас –адамның арқауы, дұрыс тамақтану мәдениеті» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

 

Асханада балалардың күнделікті тамақтануы