2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы, каникул кезеңі орта білім беру ұйымдарында меншік нысаны мен ведомостволық бағыныстылығына қарамастан «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы 27 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген:

1) 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек;

2) оқу жылының ұзақтығы: 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы;

3) оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 1-11 (12) сыныптарда:

күзгі – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда),

қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда),

көктемгі-12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда)

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда). 2-11 (12) сыныптарда сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Бірінші сыныптардың оқу сабақтарының режимі: қыркүйекте – күніне 35 минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап Санитариялық қағидаларға сәйкес көз шынықтыру жаттығулары мен гимнастикаларын жасай отырып 45 минуттан өткізіледі.