Ы Алтынсарин  атындағы  жалпы  орта  мектебінде  1 қыркүйек  Білім  күніне  орай  «Адалдық  сағаты»  ұйымдастырылды. Жекелеген   сыныптар  оқу кабинеттерінде  оқушылардың өмірге, табиғатқа  құштарлығы  мен   патриоттық  сезімдеріне  әсер  етерлік  сұрақ-жауаптар  аясында   пікір  алмасып  отырды.  Достық,  шындық,  әділдік,  адалдық  ұғымдарына  түсінік   берілді. Әрбір  сынып  жас ерекшеліктеріне  байланысты  жаз бойғы  сағыныштарын  баса алмай бір-біріне  деген  сағыныштары  арқылы  шынайы пікір  білдіріп, тілектерін айтты. Өмірге  адал, шынайы  көзқараспен  қарау  әрбір   шәкірттің  бойынан  табылатындығын  «Адалдық  сағаты»  арқылы  біраз  жеткіздік. Шараларға  «Жаңаталап»  ауылдық  округ  кеңесшісі  С Құбашов, ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  С Сапарғалиев, мектеп директоры Б Сайыпов,  МДТЖО А Каменова мен Г Аташева қатысып отырды.  Сыныпта  шараны  өткізуде  белсенділік танытқан  1абв, 2ав, 9в, 8а сынып жетекшілері  Хасанова Д,  Досмұханбетова Ү, Шиямеденова Б,  Қадырбекова  А,  Ризуанов  Л,  Тасимов  А,  Жұмағалиева Г  ерекше  атап  өтуге  болады.