«Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша хабарлама 21тамыз 2020 жыл

 

«Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» КММ-нің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016жылғы 19қазандағы №12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.
1.«Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас  жемқорлыққ ақарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы   26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимыл  туралы» ҚазақстанРеспубликасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңын басшылыққа алынып, «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2018 жылға арналған  жоспарын бекіту туралы» бөлімінің 2017 жылдың 28 желтоқсан күнгі №908 санды бұйрығын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында мектепішілік іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспармектепішілік барлық қоғамдық ұйымдар мен  бірлестіктерге таратылып, жүзеге асырылуда.

2.Құқықтық актілердің дұрыс  жасақталуы бақылануда. Түрлі тексерістер кезінде  қатаң есептегі құжаттар тобында мектептің бұйрықтар кітабының жүргізілуі бақыланып отыр. 
3. Мектепте қызметіне тікелей  бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде жақын туыстары ата-аналар (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындас-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп – жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-қарындас-сіңлілері, ата-аналары мен балаларын қызметке алу фактілер анықталмады.
Мектептегі педагог кадрлар атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Конкурстық және тәртіптік комиссиялардың құрамы бекітілген. Бекітілген кестеге сәйкес қызметкерлердің  біліктілігін арттыру үшін оқуға уақытылыжіберілуде. 

4.Бюджет қаражатының уақтылы және толық игерілуі бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылдың қаржы есебі: еңбекақыға: 157 955 000 т, сауықтандыруға: 11 792 000 т, интернет желісі мен телефон байланысы үшін:703 000 т, іс сапар шығындары : 554 000 , шаруашылық заттар мен конц.заттар, ұсақ-түйек бөлшектер: 2 269 000 т, газ, жарық үшін: 2 560 000 т, Жартылай жетім, аз қамтылған балалар үшін ұйымдастырылған көмекке: 903 000т жіберілген.

5.Мектеп мүлкін иемденіп алу немесе талан таражға салуға жол берілмеген.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпараттар стендтерде орналастырылған, сенім телефоны көрсетілген Мектепте «Жемқорлық – бас бостандығынан және болашағынан айырады», «Пара берсең, жазаланасың», «Параға емес, биікке ұмтыл!» т.б тақырыптарымен халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері көрнекті жерге орналастыру тапсырмасы орындалуда.Мектептің ата-аналарына арналған ақпараттық тақталарға дәліздегі «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбындағы стендлеріне ілінді.

6.Мектеп бітіру мен мерекелерде мұғалімдерге сыйлыққа ата-аналардан, білім алушылардан ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалауға алынып отыр.

  1. Мектепте «Парасатты азамат» тақырыбындағы бұрыш жасақталды. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар барысында мектептегі «Адал ұрпақ» клубы қызметінің жұмыстары: өз уақытында жоспарға сәйкесті атқарылып келеді.Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде «Парасаттылық мектебі» аясындағы іс- шараларды ұйымдастыру барысында мектеп психологы А. Ажыханованың ұйымдастыруымен 11 сыныпоқушылары арасында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында тәрбие шарасы болып өтті. Шара дебат түрінде жүргізілді.

8 «а» сыныбының жетекшісі Г. Жұмағалиеваның ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сынып сағатын өткізілді. Мектеп директорының тәрбие орынбасары Г. Кайрованың ұйымдастыруымен 10 сынып оқушылары арасында «Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді» тақырыбында оқушылармен  пікірлесу сағаты өткізілді.

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, жұмыс тобы аппаратының қызметі бойынша сыбайлас жемқорлықтәуекелдеріанықтағанжоқ. Сондай-ақ, жұмыс тобы мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар жасау фактілеріне жол бермеу бойынша жүргізілген жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтіп, тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды уақытылы жүргізу қажет екендігін ұсынды.

Ішкі талдауды жүргізгендер:

2.Кайрова Гулжан Утеушовна - мектеп директорының тәрбие орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі

3.Аташова Гүлжаухар Николаевна - мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жұмыс тобының хатшысы

Жұмыс тобының мүшелері:

1.Зинуллина Пакиза Амангелдиевна - мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасары

4.Салихова Алмагүл - кәсіподақ ұйымының басшысы

5.Захарбаева Сауле - әлеуметтік педагог

Ниязалиева Назгул – бас есепші

Ахынов Жантемір - шаруашылық ісі жөніндегі орынбасар

Мектеп директоры: А. Каменова