Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің «Қауіпсіз мектеп автобусы»

республикалық акциясының орындалуы жөнінде хабарлама.

2019 – 2020 оқу жылы

Құрманғазы аудандық білім бөлімі білім алушыларды  қауіпсіз тасымалдаумен қамтамасыз ету мақсатында 12 тамыз бен 10 қазан аралығында кезекті «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясын өткізуге жасақталған іс – шара жоспарын басшылыққа ала отырып, мектеп бойынша «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты республикалық акцияның бұйрығы шығарылып, іс – шара жоспары жасақталып, бекітілді.

Жоспар бойынша жұмыстар атқарылды.

Мектеп әкімшілігі балаларды мектепке тасымалдайтын көлік құралдарына GPS – навигаторды орналастыру мүмкіндігі қарастырылды. Оқушылардың өмірімен қауіпсіздігіне жауапты кезекші мұғалімдер кестеге сәйкес уақытында кезекшіліктерін атқарып отыр.

 

 

Мектеп инспекторы – А. Жексембаева, тәлімгер – М. Ищанова жол қозғалысы ережелерін және өзін сақтау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, парақшалар мен брошоралар таратты.

 

 

«Жарқын бол» тақырыбында 1 – 4 сынып аралығында сынып сағаттар өткізілді.

 

 

«Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі» атты 5 – 8 сынып аралығында сурет байқаулары ұйымдастырылды.

 

 

«Жол ережесін білейік, аман – есен жүрейік» атты тақырыбында флешмобтар ұйымдастырылды.

 

 

Жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелерін орындау бойынша ата – аналар арасында сауалнама жүргізіліп, дәрістер оқылып, жиналыстар жүргізілді.

Хабарлама дайындаған:                       МДТЖО - Г. Аташева

 

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің «Қауіпсіз мектеп автобусы»

айдары негізінде хабарлама.

2019 – 2020 оқу жылы

Құрманғазы аудандық білім бөлімі мектеп тасымалдауын ұйымдастыру кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15 қаңтар – 15 ақпан аралығында,  жол – көлік оқиғаларының алдын – алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп автобусы» айдарын құру негізінде Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде  атқарылған жұмыстар төмендегідей.

 

 

Автобус өз кезеңінде уақытымен жүріп тұр.

 

 

Жүргізушінің құжаттары талапқай сай келеді.

 

 

Автокөлік техникалық байқаудан өткізілген, қозғалыс схемасы сызылған.

 

 

 

Балаларды тасымалдау кезінде әрдайым оқушыларға қауіпсіздік шаралары туралы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Аташева түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрады, кезекшілікті мамандар өз уақытымен тұрақты түрде атқаруда.

 

Хабарлама дайындаған:                       МДТЖО - Г. Аташева

 

Автобус құжаттары